Енді жұмысқа орналасар кезде әскери билет сұралмайды

1 590

Фото: el.kzЕнді жұмысқа орналасу немесе оқуға түсу кезінде заңды тұлғалар әскери билет талап етпейтін болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Қорғаныс министрлігінің мәліметінше әскери қызмет өткеруге жататын адамдарды және мерзімді әскери міндеттілерді әскери есепке алу қағидаларының 6-тарауына сәйкес заңды тұлғалар әскери есепке алуды жүргізуге міндетті.


Қарулы Күштердің жүргізіліп жатқан цифрлық трансформациясы бұл талаптарды жоюға мүмкіндік берді.


"Жұмысқа (оқуға) қабылданған азаматтардың әскери есепке алу мәртебесін анықтау үшін енді жұмыс берушіге Қорғаныс министрлігінің ақпараттық жүйесінен әскери есепке алу туралы ақпаратты бір рет басу қажет", – делінген министрлік хабарламасында.


Қорғаныс министрлігі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен және Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен бірлесе отырып, заңды тұлғаларға Әскери есепке алуды жүргізу қағидаларында көзделген қызметкердің жеке билеттерін толтыру үшін қажетті әскери есепке алу туралы ақпаратты алуға мүмкіндік беретін бірегей қызметтерді іске қосты. Енді осы санатқа ESUTD АЖ-де қызметкерлердің есебін жүргізетін үкіметтік емес ұйымдар да, Е-Қызмет АЖ-де қызметкерлердің есебін жүргізетін мемлекеттік органдар да кіреді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.