Жұмыс орнында темекі тартқан 68 жастағы зейнеткер сотталып кете жаздады

1 529

Фото: istockphoto.comКөкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі соты 68 жастағы зейнеткерді ақтап шыққан. Темекі тұқылын жерге тастады деп күдіктенген ер адамның үстінен әкімшілік іс қозғаған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

«Полиция қызметкері құрастырған әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, 68 жастағы зейнеткер дүкеннің жанында темекі тұқылын тастап, қоғамдық орынды ластаған. Зейнеткер сот алдына келгенде, темекі тартқан кезде жұмыс орнында болғанын, яғни қосымша табыс табу мақсатында дүкеннің ішін сылап жүргенін айтқан.  Темекі шегіп болған соң, тұқылды цемент ерітінді құйылған ыдысқа тастағанын, жерге тастамағанын айтты», - деп хабарлайды Ақмола соттары.

Полиция зейнеткерге  10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салу керегін немесе 40 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту керегін алға тартқан.

Сот бейнежазба арқылы зейнеткер расымен де темекі тұқылын жерге емес, цемент құйылған ыдысқа тастағанын көріп, полиция оның кінәсін дәлелдей алмады деген қорытындыға келген. Осылайша, сот зейнеткерді ақтап шыққан. Оның үстінен қозғалған әкімшілік іс толық тоқтаған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.