Отбасылы студенттермен жұмыс жалғасуда
527
Елімізде жалпы халыққа әлеуметтік санаттарына байланысты берілетін жәрдемақылар жетерлік. Дегенмен арнайы жас отбасыларға соның ішінде отбасылы студентттерге арнайылап қарастырылғаны жоқ екені белгілі. Өңірімізде жүзеге асып жатқан маңызды жобалардың бірі осы мәселелердің шешімін табуын көздейді. «Ізденіс Жолы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Қызылорда облыстық студент аналар кеңесі» жобасы аз уақыттың ішінде өз нәтижесін беруде.
Жоба консультанты, әлеуметтанушы Назерке Нұрланқызы:
Бұл жоба Евразия қоры жүзеге асыратын АҚШ халықаралық даму агенттігі (USAID) қаржыландыратын Орталық Азиядағы Әлеуметтік Инновациялар бағдарламасының қолдауымен ұйымдастырылды.
⠀
@socialinnovation.ca #sica_ylg #studmath #izhpf
- Мен 4 курс студентімін. Күндізгі бөлімде оқимын. Қазір шүкір екі баланың анасымын. Осы уақытқа дейін тұрмыс жағдайыма байланысты АӘК және басқа жәрдемақылар алып көрмеппін. Оқумен қатар отбасын алып жүру оңай емес. Материалдық жағдайлар да оңайға соқпайды. Осы жоба барысында мен АӘК жәрденмақыға құжат тапсырып маған 3 айға жәрдемақы тағайындалды. Және 6 жасқа толмаған балаларыма да әлеуметтік пакеттер берілетін болды. Өте қуаныштымын. Осы жайлы басқа да отбасылы студент налардың білгенін қалаймын,- дейді 2 балалы Жанат Жеңісқызы есімді студент ана.
Жоба консультанты, әлеуметтанушы Назерке Нұрланқызы:
- Біздің жұмыс режиміміз өте қарбалас болады. Келген клиенттерге барынша қолдауға тырысамыз. Отбасылы студенттер көбінесе жұмысқа келуге ұялады. Көбісі ұялы телефон арқылы консультация алады. Маған олармен жұмыс жасаған шабыт сыйлайды. Өйткені өзім де студент болдым. Отбасы мен оқуды қатар алып жүру оңай емес екенін білемін, -дейді маман.
Бұл жоба Евразия қоры жүзеге асыратын АҚШ халықаралық даму агенттігі (USAID) қаржыландыратын Орталық Азиядағы Әлеуметтік Инновациялар бағдарламасының қолдауымен ұйымдастырылды.
⠀
@socialinnovation.ca #sica_ylg #studmath #izhpf