Өскеменде 18 жастағы жүргізуші 4 адамды қағып кетті
299
Өскемен қаласында 4 жаяу жүргіншіні 18 жастағы жігіт басқарған көлік қағып кетті деп хабарлайды Қазақпарат.
Жол-көлік оқиғасы кеше түнде 19-шағын ауданындағы Есенберлин даңғылында орын алған.
Бұл ақпаратты Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаменті растады.
Ведомство мәліметінше, 19 жастағы үш және 18 жастағы бір жігіт түрлі дене жарақаттармен бірінші қалалық ауруханаға жеткізілген.
"Белгілі болғандай, Қазыбек би даңғылынан Есенберлин даңғылына қарай жүріп келе жатқан Audi автокөлігінің 18 жастағы жүргізушісі 4 жаяу жүргіншіні қаққан. Ер адам өз кінәсін мойындап отыр. Оның көлігі айып тұрағына жеткізілді", - делінген полиция таратқан хабарламада.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Көлік жүргізушісі 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.