Қоғамдық орында құстарды тамақтандырған қазақстандықтар 100 мың теңгеден аса айыппұл төлейді

2 245

Фото: Видеодан скринЕнді елімізде құстарды тамақтандырған қазақстандықтар айыппұл төлеуі мүмкін. Бастапқыда құқық қорғаушылар ескерту жасайды. Егер тұлға ережені бұзса 100 мың теңгеден асатын айыппұл арқалайды,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қоғамдық орындарда құстарға жем беру ережеге қайшы саналады. Бұл абаттандыру қағидаларын бұзу ретінде бағаланады. Аталған құқықбұзушылық үшін 69 мыңнан 103 мың теңгеге дейін айыппұл көзделген. Құстарды тамақтандыруға тыйым салынуының бірнеше себебі бар. Көгершіндер 90-нан астам түрлі ауру қоздырғыштарын тасымалдайды. Сондай-ақ олар арқылы бүргелер мен кенелер таралады, ал олар желдеткіш шахталар арқылы пәтерлерге енуі мүмкін.

Бұдан бөлек, қалған жем-қорек кеміргіштерді де тартады.

"Қыста құстарды тамақтандыруға рұқсат. Алайда оған арнайы, қоқыс шашылмайтын қоректендіргіштер қолданған жөн. Дала құстары мұндайда пайдалы. Ал жазда құстар қорегін өзі-ақ табады", – дейді Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері Андрей Андрющенко.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.