Мас күйінде көлік тізгіндеген әкім ұсталды

1 543

Фото: Zakon.kzСолтүстікте әкім мас күйінде көлік тізгіндеген, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.


Солтүстік Қазақстан облысында Возвышен ауылдық округінің әкімі Қанат Тоқпанов мас күйінде рөлге отырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Әкімді жұмыстан шығару ұсынылған. Ауыл әкімінің орынсыз әрекеті әдеп жөніндегі кеңес отырысында талқыланды. 


Мемлекеттік қызметті бақылау бөлімінің бас маманы Абзал Оразымбетовтің айтуынша, ауылдық округ басшысына қатысты қызметтік тексеру жүргізілді. Тексеріс қорытындысы бойынша шенеуніктің көлікті мас күйде тізгіндегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны расталып отыр. 


Айта кетейік, 2 мамырда жұмыс уақытында Қанат Тоқпанов сыра ішіп, қызметтік көлікпен қала маңындағы жолдың бойымен жүрген. Әкімді полиция қызметкерлері тоқтатып, медициналық тексеруге жіберді. Кейіннен шенеуніктің мас болғаны анықталған. Шенеунік 15 тәулікке қамауға алынып, жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.