Қазақстанның үш өңірінде діни радикалдар ұсталды

1 348

Фото: ҰҚК баспасөз қызметіҰлттық қауіпсіздік комитеті 14 қаңтарда бірнеше өңірде діни радикалдардың ұсталғаны туралы мәлімдеді, – деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

2025 жылғы қаңтарда ҰҚК полициямен бірлесе және прокуратура органдарының үйлестіруімен Алматы қаласында, Ақтөбе және Жамбыл облыстарында діни радикалдар әрекетінің жолын кесті.

Терроризмді, оның ішінде телекоммуникация желілерін пайдалану арқылы насихаттады деген күдікпен 3 адам қамауға алынды.

Екі фигурант бұрын денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені, қарақшылық жасағаны, есірткі заттарын заңсыз алғаны және сақтағаны үшін сотталған.

Тағы біреуі бұрын шетелдік содырлар лагерьлерінде дайындықтан өтіп, Қазақстанға тапсырмамен оралған, сонда ұсталып, сотталған. Ұзақмерзімді жазасын өтеп бостандыққа шыққаннан кейін де радикалды идеологиядан бас тартпаған.

Тергеу әрекеттері барысында олардың тұрғылықты мекенжайлары бойынша діни әдебиет және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Қылмыстық кодекстің 256-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.