"Моральдық шығын үшін 300 мың теңге ұсынған": 20 жастағы қызды зорлады деген күдіктілер

1 601

Алматыда жігіттер ойын-сауық мекемесінде 20 жастағы бойжеткеннің алкогольдік ішімдігіне әлдебір зат салып жіберген. Сосын бойжеткенді ұрлап әкетіп, зорлаған. Сондай-ақ күдіктілер жәбірленушіге моральдық шығын үшін 300 мың теңге ұсынғаны белгілі болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Алматы қаласының полиция басқармасы аталған факті қымыстық кодекстің 120-бабы 2-бөлігі 1-тармағы (Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған зорлау әрекеті) бойынша тіркелгенін растады. Бұл туралы EGOV.РRESS  телеграмм каналы жария етті.

"Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктілер анықталып, ұсталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Сонымен қатар жәбірленушінің алкогольдік сусынына белгісіз зат қосылғаны туралы да тексеріс жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ полиция қылмыстық процеске қатысушылар арасындағы хат алмасу Instagram желісі арқылы жүргізілгенін анықтады.

"Егер шағымды кері қайтарып алатын болса, ол жазаны жеңілдетуі мүмкін, бірақ қылмыстық істі тоқтатуға негіз болмайды", - делінген хабарламада.




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.