Жаңаөзенде кәмелетке толмаған екі қыз жоғалып кетті

315
Маңғыстау облысында кәмелетке толмаған екі қыз жоғалып, бір аптадан аса уақыт бойы іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі  inaktau сайтына сілтеме жасап.

Полицейлер мәліметінше, Фарида Чындышова мен Тілектес Жолдас 29 наурызда Жаңаөзендегі пәтерінен шыққаннан кейін жоғалып кеткен.

Екі қыз да 16 жаста. Фарида Рахат-4 шағынауданында, Тілектес Теңге ауылында тұрады.

Жаңаөзен полиция басқармасы өкілі жедел-іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті. Полиция қызметкерлері қыздардың орналасқан жері туралы ақпарат болса, 102 нөміріне қоңырау шалуды сұрайды.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.