Әйелін қызғанып өлтірген: оққа ұшқан азамат танымал спортшы

1 535

Фото: Қатон-Қарағай аудандық әкімдігіӨскемендегі көшелердің бірінде болған жанжал кезінде қаза тапқан адам танымал спортшы Эльер Юнусметов болып шықты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі YK-news.kz сайтына сілтеме жасап. 



Бұған дейін полицейлер Өскеменде адам өліміне әкеп соқтырған атыс жасады деген күдікпен ер адамды ұстағанын хабарлаған едік. 

Оқиға орнына келген полицейлер, оқ жарақатынан қаза болған ер адамның денесін тапты. Тәртіп сақшылары күдіктіні 10 минуттың ішінде ұстады. 

Мерт болған азамат 1990 жылы туған танымал спортшы Эльер Юнусметов екені белгілі болды. Эльер Қатон-Қарағай ауданы Үлкен Нарын ауылында дүниеге келген. 

Ол әскерде борышын өтеген. Экономика және қаржы колледжін тәмамдап, "кеңесші заңгер" мамандығын алған. 

Қатон-Қарағай аудандық әкімдігінің дерегінше, Эльер Юнусметов жекпе-жек (ММА) бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері, кикбоксинг бойынша спорт шебері, кудо бойынша спорт шебері, жекпе-жек бойынша Әлем кубогі иегері және Еуразия чемпионы, "Катунидегі айқас" (Ресей Федерациясы) гран-при иегері болған. 

Спортқа алғаш 5 жасында қадам басқан дарынды жігіттің алғашқы жаттықтырушысы әкесі болды. 

Кейінгі кездері Эльер Юнусметов "Барыс QTT" бразилиялық джиу-джитсу және грэпплинг клубында жаттығып жүрген еді. 



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.