Балабақша меңгерушілері 35 миллион теңге жымқырған
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты балабақша меңгерушілеріне қатысты істі қарады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Олар балалар мекемелеріне азық-түлік жеткізумен айналысатын ЖШС директоры мен мекеме қызметкері қызмет бабын пайдалана отырып, жымқыру жолымен ірі мөлшерде өзіне сеніп тапсырылған мүлікті ұрлаған. (ҚК 189-бабы 3-бөлігінің 1, 2-тармағы, 28 баптың 5-бөлігі – 189 баптың 3-бөлігінің 1, 2 тармағы).
Сотта прокурор айыптауды қолдады. Сотталушылар өз кінәсін мойындамай, ақтауын сұрады.
ҚК-нің 189-бабы 3-бөлігінің 1,2-тармағының санкциясы мүлкi тәркiленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, жымқырылған мүліктің 10 еселенгеннен 20 еселенгенге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не 2 жылдан 7 жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығынан айыруды көздейді.
ЖШС директорының іс-әрекетінде жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлардың болмауына байланысты, осыған ұқсас қылмыстық құқық бұзушылық бойынша бұрын сотталғанын ескере отырып, онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға сiңiру арқылы қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша 4 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сонымен қатар, сотталғандарға мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыру түрінде қосымша жаза тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.