Отбасын қолдау орталықтары жаңа форматта қызмет көрсетеді
Қазақстанда Отбасын қолдау орталықтарының жұмысы жаңа форматқа көшеді, енді тек азаматтар жүгінгеннен кейін емес, мәселе туындамай тұрып көрсетілуі мүмкін,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі kaz.zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл мәселе Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның отырысында талқыланды. Жиын Премьер-министр орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен өтті.
Аида Балаева атап өткендей, орталықтар "қағаз жүзіндегі мекеме" емес, халыққа нақты көмек беретін орынға айналуы керек.Бұған қол жеткізу үшін "Цифрлық отбасы картасының" әлеуетін пайдалану, Орталықтардың штаттық құрамын күшейту, онлайн кеңес беру, қызметтің тиімділігін арттыру үшін заманауи тәсілдерді енгізу қажет екеніне тоқталды.
Аида Балаева жұмыстың тиімділігін арттыру үшін жауаптыларға нақты тапсырма берді.
Біріншіден, бүкіл орталықтардың жұмысына қайтадан баға беріп, анализ жасау деген тапсырма берді. Біздің түрлі облыстардың басшыларына, басшылардың орынбасарларына нақты тапсырма берді, бүкіл аудандарда осындай орталықтарды ашу. Жалақы мәселесін қарастыру. Материалдық-техникалық жағдайын қамту.
Eл бойынша 158 отбасын қолдау орталығы жұмыс істейді. Биылдың өзінде осындай орталықтарға 30 мыңға жуық адам жүгінген. 24 мыңнан астам отбасыға кеңес берілді. Ал 5 мыңға жуық отбасы тұрақты әлеуметтік сүйемелдеуге алынған. Биыл ғана 30 мыңға жуық адамның көмек сұрауы көптеген отбасының әлі де дағдарыс жағдайында өмір сүріп жатқанын көрсетеді. Орталықтардың нақты жұмыс нәтижесіне, сапасына басымдық беріледі.







