Халықаралық жастар күні: 800 мың қазақстандық шараларға қатысады

409
12 тамыз – Халықаралық жастар күні аясында бүкіл ел бойынша жастарды қолдауға және оларды мемлекеттің қоғамдық өміріне тартуға бағытталған 200-ден астам онлайн-іс-шара өткізу жоспарланған деп, хабарлайды Kyzylorda-news.kz

Іс-шаралар аясында 800 мыңнан астам жастар қамтылады. Барлық облыстар мен республикалық маңызы бар қалаларда жастардың өзекті мәселелерін талқылап, шешу жолдарын ұсынатын өңір әкімдері жанындағы кеңес отырыстарын, «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы аясында қайырымдылық іс-шараларын және волонтерлердің қатысуымен экологиялық акцияларды өткізу жоспарланған.

Халықаралық жастар күні іс-шараларының маңызды бөлігі ЖОО және ТжКБ ұйымдарының түлектерін, NEET санатындағы жастарды және басқада жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу мақсатында вакансия жәрмеңкелерін ұйымдастыру болады.
 
 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.