Қытайда адам өліміне себеп болған жаңа вирустар анықталды

1 490

Фото: freepik.comҒалымдар Қытайдың Юньнань провинциясында жарқанаттардан Хендра және Нипах вирустарына жақын екі жаңа генипавирус түрін анықтады. Бұл вирустар өлімге әкелетін аурулар тудыруы мүмкін,-деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі PLOS Patogens журналына сілтеме жасап.

Зерттеуде он түрге жататын 142 жарқанаттың бүйрегіндегі инфекциялық жүктеме талданған. Жаңа вирустардың бірі құрылымы жағынан белгілі генипавирустарға –  өлім көрсеткіші 75 пайызға дейін жететін ауру тудырушыларға жақын болып шыққан. Екі вирус та бақшалар мен ауылдардың жанында тұратын тышқандардан табылған. Бұл зәрмен ластанған тамақ арқылы жұғуы мүмкін деген ойға жетелеп, зерттеушілер арасында алаңдаушылық туғызып отыр.

Үлгілерде вирустардан басқа бұрын белгісіз бактериялар мен паразиттер, соның ішінде Klossiella yunnanensis табылды. Зерттеушілер жарқанаттардың ішкі азғаларының микробиомасын жан-жақты зерттеу маңызды екенін алға тартады, өйткені бұл аймақтар жаңа зооноздардың – адамға жануарлардан берілетін инфекциялардың көзі болуы мүмкін.