№37 мекемесінде жазасын өтеушілер психологиялық тексеруден өтті
Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің №37 мекемесінде жазасын өтеушілердің "Ақ сұңқар" кешені арқылы психологиялық тексеруден өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Шараны мекеменің психолог маманы Ақгүл Аманова және Әлеуметтік бейімдеу орталығының психологы Зарина жүргізді.
Іс-шараның басты мақсаты — сотталған азаматтардың психологиялық көңіл-күйін, болашаққа деген көзқарасын және өмірге деген ынтасын анықтау. Психологиялық тексеру барысында арнайы ноутбуктер арқылы түрлі-түсті түстерді таңдап, суреттер арқылы психологиялық диагностикадан өтті. Тест барысында бейнеленген суреттер негізінде бірнеше сұрақтарға жауап беріліп, нәтижесінде сотталған азаматтардың эмоционалдық жағдайы мен болашаққа деген көзқарасы сарапталды.
Тағы да оқыңыздар

Қаз
Рус





