Kaspi.kz-те ЖҚЕ бұзудың видеосын көруге болады

1 507

Фото: Zakon.kzKaspi.kz Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетімен бірлесіп жаңа сервисті іске қосты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Енді клиенттер айыппұл салынған жол қозғалысы ережесін бұзу сәтінің видеосын көре алады.

Видеоны айыппұлды төлеу парақшасында сұратуға болады. Мемлекеттік орган сұрауды өңдегеннен кейін клиентке Kaspi.kz қосымшасында хабарлама келеді.

Видео қосымшада 7 күн бойы қолжетімді. Айыппұл төленгеннен кейін де видеоны төлемдер тарихынан көруге болады.

Жаңа сервис туралы толығырақ ақпарат — Kaspi Гидте.

Kaspi.kz туралы

Kaspi.kz миссиясы — сүйікті клиенттер мен серіктестердің өмірін жақсартатын инновациялық өнімдер мен сервистер әзірлеу.

Kaspi.kz сервистерін Қазақстан мен Түркияда 26 миллионнан астам клиент және 1 миллионға жуық серіктес пайдаланады. Қазақстанда Kaspi.kz суперқосымшасы төлемдерді, электрондық коммерцияны, онлайн-супермаркетті, финтехті, саяхатты, хабарландыруларды, мемлекеттік қызметтерді және күнделікті қолданылатын басқа да сервистерді біріктіреді. Түркияда Kaspi.kz елдегі жетекші электрондық коммерция платформаларының бірі — Hepsiburada-ға иелік етеді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.