ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ЖАЛҒЫЗБАСТЫ АНА: «ӨЛІМІМЕ ӘКІМДІК КІНӘЛІ»
Өлсем өліміме әкім кінәлі деген қала тұрғыны жан айқайын жазуда, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы пәтер иесі, көпбалалы ана Ғазиза Мейрамбек өзінің Facebook парақшасында жариялаған болатын. Пәтер иесінің айтуынша, облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев мән-жайдан толық хабардар, тіпті қала әкімі Асылбек Шәменовке арнайы тапсырма берілген екен.
Қызылордалық ананың шарасыз әрекетіне себепкер болған жыл басында берілген сол жағалаудағы көпқабатты тұрғын үйлер болып отыр. «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында бой көтерген жаңа үйлерден жағымсыз иіс шығып, бала денсаулығына едәуір зиян тигізуде деген ананың мәселесі әкімдік құлағына жетсе де әлі күнге дейін шара қолданылмаған.
Ал, қала әкімдігі аталмыш мәселенің барысына былай дейді:
Ашынған ананың жанайқайына желі қолданушылардан басқа жауапты мекемелер үн қатар емес.