Елімізде қазақ тілін тегін үйрететін курс ашылды

173
Еліміздің 12 өңірінде қазақ тілін тегін үйрететін курс өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 



AMANAT партиясының «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері «Менің елім – менің тілім» республикалық жобасы аясында «Сөйле» тілдесу клубының жиынын өткізді.

«Жастар Рухының» төрағасы Нұржан Жетпісбаев бір аптаға жетер-жетпес уақытта жастар қанатына азаматтардан 3 мыңнан астам өтінім келіп түскенін атап өтті.

Сабақ аптасына бір рет өткізіледі. Ал біз бұл клубтардың жұмысын үйлестіреміз. Қазақ тілін меңгергісі келетін адамдардың бәріне бірдей мүмкіндік беру қажет. AMANAT партиясының саяси тұғырнамасында жазылғандай, тіліміздің мәртебелі және қажетті қатынас құралына айналуына тікелей мүдделіміз. Тіл үйрену – тиімді әрі қолжетімді болуы керек. Мемлекеттік тіл қазақ қоғамын біріктіретін күшке айналуы тиіс, – деді ол.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.