Ұлым ұрып-соқты деген 90 жастағы қария сот алдында жадынан айырылды

1 525

Фото:© Видеодан скринАтырау облысында өз ұлынан қорлық көргенін мәлімдеген 90 жастағы Әділхан Сисеновтің сот процесі басталар тұста денсаулығы күрт нашарлаған. Қарияның есте сақтау қабілеті әлсіреп, басынан өткен оқиғаларды ұмыта бастаған, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Бұған дейін ақсақал кенже ұлының өзін ұрып-соғып, бірнеше сағат бойы ас-сусыз қамап қойғанын айтқан. Оның сөзінше, түн ішінде терезеден шығып, туыстарының үйіне қашып барған.

Қарияның немересі Сәуле Әділхан тергеудің ұзаққа созылғанына қынжылып отыр. Айтуынша, атасы сотқа өзі барып, болған жағдайды баяндауға дайындалған. Алайда қазір денсаулығы сыр беріп, оқиғаны есіне түсіре алмай қалған.

Ал әкесін ұрды деп айыпталған Қанат Сисенов тағылған айыпты жоққа шығарды.

«Мен ұрудан аманмын. Мұның барлығы жала. Қазір іс сотта болғандықтан, ештеңе айта алмаймын», – деді ол. 

Қарияның туыстары істің әділ қаралуын талап етуде. Оқиға Қызылқоға ауданында болғанымен, қылмыстық іс Атырау облыстық сотының шешімімен Жылыой ауданында қаралады. Сот процесі әлі аяқталған жоқ.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.