Кен байыту комбинатында жұмысшы қаза тапты

1 500

Фото: govҚазір комиссия құрылып, тергеу жүріп жатыр. Шахтада тау-кен массасы опырылған, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Ақтөбе облысы Хромтау қаласында орналасқан Дөң тау-кен байыту комбинатының «Болашақ» шахтасында тағы да қайғылы жағдай болды. Жұмысшы жарақат алып, көз жұмды.

— 2026 жылғы 20 қазанда Дөң тау-кен байыту комбинатының шахтасында сақтандыру бекітпесін орнату жұмыстары кезінде тау-кен массасы опырылды. Оқиға салдарынан ұңғылаушы ауыр жарақат алып, қаза тапты. Оқиға туралы тиісті мемлекеттік органдарға хабар берілді. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Комбинат басшылығы марқұмның туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Компания отбасына қажетті көмек көрсетеді, — деп хабарлады Дөң тау-кен байыту комбинаты.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.