Қызылордада қамауда отқан cотталушылардың қашып кетпеуіне іс-шаралар жүргізілуде

198

Қызылордада Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мекеме аумағында қазылған жерлерді жылқының көмегімен тексерді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мекемесінде сотталғандардың қашып кетуіне жол бермеу мақсатында мекеменің режим бөлімінің қызметкерлері және ҰҰ 5547 әскери бөлімінің атқыштар ротасы бірлесіп жылқы пайдалана бастады. Осылайша сотталғандардың қашып кетуіне жол бермеу мүмкіндігі артты. Айта кетейік, жануар жер астында бос орын сезінсе, жүруден бас тартады. Тексеру барысында қазылған жерлер табылған жоқ. Сонымен қатар, жер асты құбырының беріктігіне көз жеткізіп, мекеме аймағы толықтай тексеруден өткізілді.



Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД №60 мекемесі

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.