15 жастағы «Ақтөбе» клубының футболшысы қайтыс болды

1 442

Фото: «Ақтөбе» клубының Instagram парақшасынан алындыАқтөбеде жергілікті футбол клубының 15 жастағы ойыншысы Арон Мұса көз жұмды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Жасөспірімнің көмірқышқыл газына уланып қайтыс болғаны анықталды. Спортшының қазасы туралы футбол клубының баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Кеше QJ league турнирінде ойнайтын «Ақтөбе U-16» командасының ойыншысы, 15-жастағы футболшы Арон Мұса өмірден озды. Аронның отбасында үлкен қайғы орнады. Арон бауырымызбен бірге әжесі және немере ағасы да көз жұмды. Мұса әулетіне, туған туыстарына қайғыра көңіл айтамыз», - деп мәлімдеді футбол клубының баспасөз қызметі.

Төтенше жағдайлар департаменті бұл ақпаратты нақты растаған жоқ, бірақ жоққа да шығармады.

«Оқиға туралы хабар кеше кезекші бөлімге түсті. Оқиға орнына келгенде өрт белгілері болмады. Алайда үш адамның денесі табылды»,  деп түсіндірді Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Қазір сараптама тағайындалып, қазаның себебі анықталып жатыр. Полиция тергеу бастаған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.