15 жастағы «Ақтөбе» клубының футболшысы қайтыс болды
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Ақтөбеде жергілікті футбол клубының 15 жастағы ойыншысы Арон Мұса көз жұмды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Жасөспірімнің көмірқышқыл газына уланып қайтыс болғаны анықталды. Спортшының қазасы туралы футбол клубының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Төтенше жағдайлар департаменті бұл ақпаратты нақты растаған жоқ, бірақ жоққа да шығармады.
Қазір сараптама тағайындалып, қазаның себебі анықталып жатыр. Полиция тергеу бастаған.
Қаз
Рус






