ҚЫЗЫЛОРДАДА ҰҚК ҚЫЗМЕТКЕРІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІН АЛДАҒАНЫ РАС ПА?

5 148

Фото кадрдан үзіндіҚызылордалық полиция қызметкерлерінің масаң күйде көлік басқарды деп күмәнданып ҰҚК қызметкерін тоқтатқан видеосы желіде қызу талқыға түсті, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.


Әлеуметтік желіде ҰҚК қызметкерлерін тоқтатқан полицейдің бейне жазбасы қызу талқыға түсті. Бұл туралы «Басе.кз» парақшасында жарияланған болатын. Заңға бағынғысы келмеген егіздерді масаң күйде көлік жүргізді деп күмәнданған тұрғынға «Барлық жерде жүруге рұқсат» құжатын көрсеткен бейне жазбасында.

Ал егіздердің әрекетіне қатысты полиция қызметкерлері:

«2023 жылдың қараша айының 30 күні сағат 04:24 шамасында, Қызылорда ҚПБ Жедел басқару орталығының «102» арнасына, Қонаев көшесінде «Changan» маркалы автокөлікті мас күйінде басқарған азаматты тексеру жөнінде, қала тұрғыны хабарлама берген. 
Хабарламаға сәйкес осы көше бойында орналасқан «Керуен» кафесі тұсында патрульдік полиция қызметкерлері аталған автокөлікті тоқтатқан. Полиция қызметкерлерінің талабы бойынша автокөліктің жүргізушісі облыстық наркологиялық орталығынан куәландырудан өткізілген.  
Куәландыру нәтижесімен аталған азамат «мас емес, сау» деп тұжырымдаған . Хабарламашы О.Ж-ға куәландыру қорытындысы таныстырылып, өз түсінігінде қорытындымен танысқанын, ешкімге қояр арыз шағымы жоқ екенін көрсеткен, яғни жүргізушінің әрекетінде ешқандай құқық бұзушылықтың құрамы болмаған.», - деді Қызылорда облыстық полиция департаменті.

Ал, Басе телеграм каналының ақпараты бойынша жолданған екінші видеода егіздердің емін-еркін орын ауыстырғанын аңғаруға болады.

Сонымен қатар, егіздердің біреуі масаң күйде болғаны аталып өткен.