Балаларға арналған әлеуметтік қолдау аясында бағдарламалар енгізілді
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі Kazinform.kz сайтына сілтеме жасап.
Оның ішінде 17 жасқа дейінгі балалар саны 6,9 миллионнан асады. Осыған байланысты мемлекет балалардың құқықтарын қорғау мен олардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған кешенді саясат жүргізуде. 2026–2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» ұлттық бағдарламасы қабылданып, халықаралық ұйымдардың оң бағасына ие болды. Бағдарлама білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау және қауіпсіздік бағыттарын қамтиды. Әсіресе ерекше қажеттілігі бар және әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларға қолдау көрсетуге басымдық берілген.![]()
Бұл – әрбір баланың әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған нақты міндеттеменің дәлелі, – делінген БҰҰ Бас хатшысы арнайы өкілінің кеңсесі таратқан хабарламада.
Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында соңғы жылдары бірқатар заң қабылданған. Елде психологиялық қолдау орталықтары жұмыс істейді, барлық мектептерде қауіпсіздік сабақтары енгізілген және «111» байланыс орталығы тәулік бойы қызмет көрсетеді.
Бағыт балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, балалар арасындағы және балаларға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу сияқты маңызды мәселелерді қамтиды. Сонымен қатар цифрлық қауіпсіздікті күшейту де қарастырылған. Өздеріңіз білесіздер, бұл қазір өзекті мәселе, – деді Юлия Овечкина.
Білім беру саласында бастауыш сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен, ал барлық оқушылар тегін оқулықтармен қамтамасыз етілген. Әлеуметтік осал отбасылардың балаларына қаржылай көмек көрсетіліп, инклюзивті білім беру жүйесі дамытылуда. Сонымен қатар жаңа мектептер мен балабақшалар ашылып, білімге қолжетімділік кеңейіп келеді.
Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қолдау жүйесі кеңейіп келеді. Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар желісі дамуда, түзету кабинеттері мен аутизм орталықтары ашылып жатыр. Бұған қоса арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсететін ұйымдардың қызметін лицензиялау тетігі енгізілмек, – делінген Оқу-ағарту министрлігінің жауабында.
Балалардың денсаулығын сақтау бағытында қаржыландыру көлемі ұлғайып, медициналық қызмет сапасы жақсаруда. Елде педиатриялық бөлімшелер мен ерте араласу орталықтары ашылып, балалардың денсаулығын ерте диагностикалау жүйесі жетілдірілуде.
Балаларды сауна ғимаратына орналастыру, еденге жатқызу, орын тапшылығы, санитарлық талаптардың сақталмауы – мұның бәрі жүйедегі бақылаудың әлсіздігін көрсетті. Мен өзім де лагерьлерді аралап, жағдайымен таныстым. Лицензиялау – бизнесті жабу үшін емес, нарықты тазарту үшін қажет қадам, – деді депутат.
Балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру үшін жазғы сауықтыру бағдарламалары іске асырылуда. Балалар лагерьлеріне лицензиялау жүйесі енгізіліп, қауіпсіздік талаптары күшейтілген.
Заманауи технологиялар мен неонаталдық реанимация нәтижесінде дене салмағы төмен туған нәрестелердің өмір сүру көрсеткіші төрт есе артты. Биылдан бастап есту қабілеті бұзылған балаларға есту аппараттары жергілікті бюджет есебінен беріледі. Жыл сайын шамамен бес мың бала онкогематологиялық ем алады, – делінген ДСМ ақпаратында.
Мемлекеттік қолдаудың маңызды бағыттарының бірі - «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы. Оның аясында әрбір баланың арнайы шотына қаражат аударылып, оны болашақта білім алуға немесе тұрғын үй мәселесін шешуге пайдалануға мүмкіндік беріледі.
Ең алдымен профилактикалық тексерулер жекелей форматқа көшіріліп, құпиялық сақталады. Цифрландыру адам факторын азайтып, оқушылардың денсаулығын электронды түрде бақылауға мүмкіндік береді және ауруды ерте кезеңде анықтауға көмектеседі, – деді сарапшы.
2026 жылы 6 млн 918 мың адам қатысты, оның ішінде 356 613 адам 18 жасқа толады, – деді Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін таныстыру кезінде.
Ол әрбір баланың болашағы үшін қаржылық база құруға бағытталған. Әлеуметтік теңдік қалыптастырады. Ең бастысы, ұлттық байлықты ұрпаққа бөлу механизмімен ерекшеленеді. Бала шотына 18 жасқа дейін кем дегенде 3000 доллар жиналады деп ойлаймын. Ол – баланың қажеттілігін өтеуге үлкен көмек. Сонымен қатар шотта ары қарай да ақша жинай беруге болады, яғни жалпы бағыт дұрыс. Келешекте доллардың бағасы қалай өзгерері белгісіз, бірақ қымбаттаса, жинақ табысы да артады, – дейді экономист.
Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сапалы білім мен медициналық көмекке қолжетімділікті арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді.







