Мемлекеттік бюджеттен миллиардтаған қаржыны жымқырған кәсіпкер сотталды
ҚР ҚМА мәлімдемесіне сәйкес, бизнесмен Жексенғалиев 4,3 млрд теңге бюджет ақшасын қылмыстық жолмен тапқан, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Ұрланған қаражатты заңды айналымға тартқан Әнуарбек Жексенғалиевтің мүлкі тәркіленіп, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды.
Сотталушы қылмыстық жолмен тапқан ақшасын заңдастыру, жылыстатумен 2019-2022 жылдар аралығындай айналысқан. Жексенғалиевтің 4,7 млрд теңгелік мүлкі тәркіленді.
Еске салсақ, кәсіпкер Кәсіпкер Әнуарбек Жексенғалиев өзінің сыбайласы Медетбековпен бірге 2022 жылы маусым айында қашқында жүрген жерінен ұсталды.