Алаяқтар тұрғынға 1 млн теңге несие алғызған

245
Қарағанды қаласында полицейлерге жүгінген 57 жастағы тұрғын өзін алаяқтар алдап кеткенін айтқан, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жәбірленуші белгісіз алаяқтың 1 млн 350 мың теңге мөлшерінде алдап ақша алғанын айтқан.

«Алаяқтың жәбірленушіге өзін белгілі бір банктің қауіпсіздік қызметкері ретінде таныстырып хабарласқаны анықталды. Жәбірленушінің атынан белгісіз біреу несие рәсімдемек болғанын айтқан. Алаяқтарды анықтау үшін өз кезегінде кейіннен қайтарылатын несиені алу қажеттігін айтқан. Кейін банк менеджері ретінде әйел ақшаны қай қаржы мекемесінен алып, қай есепшотқа аудару керек екенін түсіндіреді.
Алаяқтардың арбауына түскен жәбірленуші 1 млн 350 мың теңге несие алып, өзін банк қызметкері ретінде таныстырған қызметкердің кеңесімен ақшаны белгісіз біреуге жіберген»,
- делінген хабарламада.


Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктілерді анықтап, ұстады.

Олар 18 жастағы қыз бен оның 21 жастағы досы болған. Олар өз кінәсін мойындады. Полиция олардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы барын анықтады.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.