Балабақша тәрбиешісін айуандықпен өлтіріп кеткен

1 405

Фото: istockphoto.comЖамбыл облысында балабақша тәрбиешісін айуандықпен өлтіріп кеткен, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Бұл дерекке қатысты полицейлер түсініктеме берді.

Halyqstan Telegram арнасының мәліметінше, бірнеше күн бұрын балабақша тәрбиешісі Жаңатас қаласынан Таразға кетіп, қайтып оралмаған. Әйелінен ешқандай хабар болмаған соң, күйеуі өз бетінше іздеп көрген. Алайда іздеу жұмыстарынан еш нәтиже болмаған соң, полицияға хабарласқан.

Аталған оқиғаға қатысты Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.

"Кісі өлтіру факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында 34 жастағы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта іс бойынша тергеудің толықтығына, объективтілігіне және жан-жақты болуына бағытталған барлық қажетті жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде", – деп хабарлады полиция өкілі.

Құқық қорғау органдары Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілуге жатпайтынын айтты.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.