Халық кірісін көбейтетін жаңа жоба іске қосылады
Премьер-министрдің орынбасары - Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин халық табысын арттыру бағдарламасы туралы айтып, экономиканы дамытудағы негізгі бағыттарға тоқталды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарттық агенттігі Baq.kz сайтына сілтеме жасап.
Министрдің айтуынша, қазіргі таңда халықтың табысын арттыруға арналған бағдарлама әзірленіп бітуге жақын.
Халықтың табысын арттыру бағдарламасы бойынша жұмысты іс жүзінде аяқтадық. Жақын уақытта оны таныстырамыз деп ойлаймын. Бағдарламада халықтың қалай жақсы өмір сүріп, табысын қалай арттыра алатыны көрсетіледі, – деді Жұманғарин.
Халықтың әл-ауқатын жақсартудың негізгі әрі ең тиімді жолы - тұрақты және жақсы жалақы төленетін жұмыс орындарын ашу.
Салық реформасынан түсетін 2 трлн теңгенің жартысы өндіріс орындарын ашуға бағытталған.
Қаражат ауылдық жерлердегі жұмыспен қамтуды арттыруға жұмсалады.
Министр ауылдағы жалақы деңгейіне де тоқталды, биыл нақты жалақы өсімі байқалған сирек бағыттардың бірі– ауылдық сектор.
Биыл ауылдағы нақты жалақы өскен санаулы салалардың бірі болды. Кейбір бағыттарда, мысалы қаржы секторында және құрылыста жалақы төмендеді. Ал ауылда, керісінше, жалақы көтерілді. Бұл – өте жақсы көрсеткіш, -деді Серік Жұманғарин.







