Бес жасар қызды әкесінің досы зорлаған
Елордада ер адам бес жасар қызды зорлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Дина Смайылованың сөзінше, анасы жұмысқа кеткенде қызы әкесімен бірге келген. Сол кезде әкесінің танысы келіп, екеуі біргі ішімдік ішкен.
Сосын ер адам қызды алып кетіп, зорлаған. Анасы таңғы 6-да келіп, қызын әлгі ер адаммен бірге тауыпты. Бала қорқып қалған, жылап, не болғанын айтып берген, – деп жазды ол.
Астана полиция департаменті 8 наурызда аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 121-бабы 1-бөлігі "Кәмелетке толмағандарға сексуалды зорлық көрсету" бабымен сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді.
Сараптама тағайындалды, нәтижесі бойынша процессуалды шешім қабылданады. Өзге ақпараттар тергеу мүддесіне қарай жария етілмейді, – делінген хабарламада.
Айта кетейік, Маңғыстау облысында 12 және 16 жастағы екі қызды зорлады деген күдікпен ұсталған ер адам полиция бөлімшесінде терезеден секіріп кеткен еді.