Қарттар үйінің қызметкері қариялардың зейнетақысын жымқырған

1 544

Фото: ашық дерек көзі24 жасар әйел адам қариялардың аңқаулығын пайдаланып, олардың сеніміне кірген. Қарттардың банктік карталарын алып, жалпы сомасы 250 мың теңге ақша шешіп алған,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Полиция зардап шегушілердің шағымы бойынша қылмыстық іс қозғап, оны сотқа жолдаған. Медбикенің ісі Павлодар қаласының №2 сотында қаралып, шешім жылдам шықты. Сот зардап шегушілердің шығыны өтелгенін және тараптардың сотқа дейін татуласқанын ескере отырып, мекеме қызметкерін жауапкершіліктен босатты.


"Сотқа дейінгі тергеу барысында зардап шегушілер айыпталушымен өзара татуласқаны себепті істі тоқтату туралы жазбаша өтініш түсірді. Шығын толық өтелді. Қарттардың айыпталушыға ешқандай талабы жоқ. Қылмыстық істің құқықтық салдары туралы тараптарға түсіндірілді", - делінген №2 қалалық соттың хабарламасында.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.