Атырау облысында мыңнан астам қой тірідей өртеніп кетті

280
Ресейдің Астрахан облысынан шыққан өрт Атырау даласына жайылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қызыл жалын жазық дала бойымен тез тараған. Бір отар қойды өрістен айдап келе жатқан бақташы жануарларды құтқара алмаған. Тіпті, өзі үйіне әрең жетіпті.

Құрманғазы ауданының Төтенше жағдайлар департаменті құрғақ шөп өртенгенін хабарлады.  Тілсіз жауды сөндіруге 30 адам мен 4 техника жұмылдырылды. Сүйіндік және Жалғызапан ауылдарының тұрғындары да өртті ауыздықтауға барын салды.
1039 қой тірідей жанып кетті. Шығын көлемі есептелуде.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.