Сырдариядан қауіп төнуде
952
Қызылорда облысындағы Жалағаш ауданы, Мөрәлі Шәменов ауылының маңында мұз кептеліп, су деңгейі күрт көтерілді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі qazaqstan.tv арнасына сілтеме жасап.
Сырдариядағы сеңнен қауіп күннен күнге күшейіп келеді. Мұз көшкіні бірнеше шақырымға ұласып, алдыңғы шепте сең сіресіп тұр. Қазір тасқынның алдын алу үшін мамандар мұз жару жұмыстарын жүргізуде.
Алғашқы жарылыс айтарлықтай нәтиже бермеді. Өзеннің иірімінде кептелген мұз орнынан қозғалар емес. Сеңнің ұзындығы 2 шақырымға жуықтады. Ал артынан келген мол су әрі аса алмай уақыт өткен сайын Сырдарияның деңгейі көтеріліп барады.
Жаңа жарған жерлеріміз 50 см, кейбір жерлері 40-45 см. Ол да қиындықтар туғызып жатыр. Төменге қарай қалыңдай береді. Бірнеше қабат мұз болғандықтан, мұздың жүруіне кедергілер болып жатыр, деп айтады Бағдат Әлжанов, жедел құтқару жасағының бас құтқарушысы.
Жалағаш ауданында су басу қаупі жоғары 13 аумақ болса, соның ең қиыны Мөрәлі Шәменов ауылының маңы. Ахуалды естіген жұрт бірнеше күннен бері Сырдарияның жағалауында жүр. Ауыл азаматтары қорғаныс бөгетінің жан-жағын нығайтып, сеңнен аман өтудің қамын жасап жатыр.
Мол су келіп жатқан соң қаптап мына жерде. Халық бар, ел бар. Бәріміз судың өтуін қарап тұрмыз. Жалағаштан, Қаракеткеннен адамдар келіп көмектесіп жатыр, деді Саттар Жұмағұлов, ауыл тұрғыны.
Жергілікті билік өкілдері мен құтқарушылар тобы да мұз сірескен аумақта. Мамандар әзірге ахуал күрделі деп отыр. Сондықтан сеңді қозғалту үшін қалың мұздақтарды жару жұмыстары әрі қарай жалғаса бермек.