Тағы бір мамандық иелерінің жалақысын 100 пайызға көтеру ұсынылды
Қазақстандық метеорологтар жалақылары төмен екеніне шағымданған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Мұндай мәлімдемені Мәжіліс депутаты Ажар Сағандықова жасады.
Сағандықованың сөзінше, бүгінде техник-метеорологтарға отбасын асырау өте қиын.
Метеорологтар тәулік бойы кезекшілік жасайды, дегенмен метеостанциялар жылусыз, сусыз контейнерлерде орналасқан.
Сағандықованың айтуынша, жұмыс уақытының жиынтық есебіне байланысты метеостанциялардың қызметкерлері толық жалақы да алмайды. Үстеме жұмыс ақы жылдың соңында ғана төленеді. Сыйақы мүлдем берілмейді. Сондықтан депутат қазіргі жалақыны 100 пайызға өсіріп, метеоролог-техниктерге лайықты еңбекақы төлеуді ұсынды.