Еліміздегі ең нашар мектеп әжетханасына фото байқау жарияланды
489
Қазақстандағы ең нашар мектеп әжетханасы тақырыбында Peremena.media баспасы фотосурет байқауын жариялады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Талапқа сай келмейтін әжетханалар галереясын toile.peremena.media сайтынан тамашалаумен қатар, мектебіңіздегі әжетхананың суретін жолдай аласыз.
Байқау Peremena.media бастамасымен Қазақстандағы мектеп әжетханаларының сапасы туралы тұңғыш ақпараттық кампания аясында өткізіліп отыр.
TOILE – Қазақстандағы мектеп әжетханалары туралы бүкпесіз шындық «Toile» — Қазақстандағы мектеп әжетханаларының мәселесіне қоғамның көңілін аудартатын арнайы жоба. Жоба атауы ағылшын тілінің «toilet» («әжетхана») және қазақ тіліндегі «сөйле» сөздерінен құралған: осылайша ол көп қозғала бермейтін, ұят әрі ыңғайсыз саналатын тақырыпты ашық және әділ талқылайды.
Қазақстандағы білім мен тәрбиеге мамандандырылған баспа ретінде Peremena.media, еліміздің барлық аймағындағы мектептердің әжетханасы санитарлық-гигиеналық талапқа толық жауап беретін, қолжетімді, қолайлы және қауіпсіз болуына жағдай жасауды қалайды.
«Toile» жобасына алғашқы болып сұрықсыз әжетханалардың фотосуретін балалар құқығын қорғаушы оқушылар Фатима мен Медина Майсар ұсынған:
Жоба авторлары балалардан мектептеріндегі дәретханалар туралы сұрастырғанда, олар көбіне дәретханаларын түрлі қорқынышты киноларға теңегендерін алға тартты.

Біз Балалар жылының аяқталу қарсаңында олардың физиологиялық қажеттілігін өтейтін орындардың қандай жағдайда екенін көрсетіп, ата-аналарға, шенеуніктерге және мәселеге бей-жай қарамайтын адамдарға осы бір түйткілді шешу механизмін ұсыну керек деп есептейміз. Мектебіміздегі әжетхана қандай болғаны көбіміздің есімізде. Онда жеке кабина, сабын мен әжетхана қағазы болмағанын білеміз. Өкінішке орай, қазір де жағдай өзгере қойған жоқ. Тіпті, елорда мен үлкен қалалардың өзінде мектептегі әжет өтеу орындары жеке кабинамен, ең қажетті керек-жарақпен қамтылмаған. Балалар өз ыңғайы мен қауіпсіздігі маңызды емес екеніне кішкентайынан көніп өседі, - деп атап өтті Peremena.media бас редакторы Айжан Мәдиходжаева.
Қазақстандағы білім мен тәрбиеге мамандандырылған баспа ретінде Peremena.media, еліміздің барлық аймағындағы мектептердің әжетханасы санитарлық-гигиеналық талапқа толық жауап беретін, қолжетімді, қолайлы және қауіпсіз болуына жағдай жасауды қалайды.
«Toile» жобасына алғашқы болып сұрықсыз әжетханалардың фотосуретін балалар құқығын қорғаушы оқушылар Фатима мен Медина Майсар ұсынған:
Балалардың мектептегі жағдайын жақсарту мақсатында, Қазақстанның шағын қалаларына барып, тексеріп шықтық. Шу, Арыс, Отар, Сарқан, Талдықорған, Қонаев, Үшарал, Ақши секілді қалашықтар мен бірнеше ауылды араладық. Осы сапарға дейін әжетханасы сыртта орналасқан мектептердің осыншалықты көп екенін мүлдем білмеген едік. Адамдар автокөлікпен ағылып, ұялы телефонмен сөйлесіп жүрген қала орталығында дәл осындай ескіліктің көрінісіне тап болғанда, төбемізден жай түскендей күй кештік. Осыншалықты төмен деңгейдегі әжетханаларды пайдалануға мәжбүр болып жүрген мектеп оқушыларына жанымыз ашыды,-деді.
Жоба авторлары балалардан мектептеріндегі дәретханалар туралы сұрастырғанда, олар көбіне дәретханаларын түрлі қорқынышты киноларға теңегендерін алға тартты.
Бұл біздерді әлеуметтік плакаттар шығару идеясына жетеледі. Қорқынышты, жайсыз, жағымсыз, жиіркенішті және қауіпті – міне, балалар дәретхананы бірінші кезекте осылай қабылдайды, - дейді жоба авторлары.