Ер адам баласының көзінше әйелін өртеп жіберген

1 623

әлеуметтік желіденТашкент қаласындағы Яккасарай ауданында 42 жастағы ер адам әйелімен жанжалдан соң оның үстіне бензин құйып, өртеп жіберген,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Бұл сұмдық оқиға олардың кішкентай баласының көз алдында болған. Әйелдің денесінің 85 пайызын күйік шалып, бірнеше күрделі операция жасалды. Қазіргі жағдайы өте ауыр.

Тергеу мәліметінше, ер адам әйелімен баласын көру үшін кездесуге келген. Алайда одан бас тартқан соң, ішімдік ішіп алған күйі бензин алып келіп, әйелінің үстіне құйып, от қойған. От өзіне де жұғып кеткен. Кейін сотта ол мұны «қорқытқым келді» деп түсіндірмек болған. 

Сот ер адамды аса ауыр қылмыс жасады деп танып, оның әрекетін кішкентай баланың көзінше жасалған қатыгездік ретінде бағалап, 18 жылға бас бостандығынан айырды.






OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.