"Талапқа бағынбаған жүргізушіні қуып келе жатқан": Түркістанда полиция көлігі апатқа ұшырады

475

Фото: polisia.kzТүркістан қаласында мас жүргізушінің ізімен жүрген полиция көлігі жол апатына ұшырады.

Басылым мәліметінше, тәртіп сақшылары облыс орталығының көшелерін патрульдеу кезінде күдік туғызған
“Мерседеске” назар аударған. 

Жеңіл көліктің жүргізушісі жылдамдықты үдетіп, полицейлердің "тоқта" деген заңды талабына бағынбай, жасырынуға тырысты. 

Осылайша, патрульдік көлік оның ізіне түсіп, “УАЗ-452” автокөлігімен соқтығысқан. 
Жол апаты салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Ал “Мерседес” жүргізушісін полиция қызметкерлері ұстап, куәландырғаны белгілі болды. 

Сараптама қорытындысына жүгінсек, жергілікті тұрғын, яғни ер азамат орта дәрежелі мас күйінде көлік басқарғаны анықталды. 

Оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің сегіз бабы бойынша КҚ пайдалану, маневр жасау ережелерін, бағдаршамның тыйым салатын түсін елемей жол жүргені, жаяу жүргіншілердің жүруіне жол бермегені, КҚ жүргізушілерінің сыртқы жарық түсіру аспаптарын бұзғаны, апаттық жағдай туғызғаны, ішкі істер органдары қызметкерлерінің талаптарын орындамағаны және көлікті мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік хаттамалар түзілді. 

Жиналған материалдарды полиция сотқа жібермек. Қазіргі уақытта “Мерседес” жүргізушісі 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынады. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.