Қызылордада Титов қыстағының тұрғындарын лай сулар мен қоқыстар алаңдатуда
640
Қалаға қарасты Титов қыстағының тұрғындары көшелерінің қоқысқа толуына алаңдаулы, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Қыстақтағы Қоғалы көшесінде орналасқан балалар ойын алаңындағы сасыған лай су мен мүңкіген қоқыс иісі тұрғындарға жетуде. Балалардың еркін жүгіріп ойнауы мүмкін емес. Тұрғындар осы мәселені көтеріп Instagram әлеуметтік желілердің біріне жариялаған болатын.
Осы мәселені қолға алып, тілшілеріміз “Қызылорда су жүйесі” мекемесіне хабарласқан болатын. Құзырлы мекеме бұл жағдайдан хабардар екенін және де қалпына келтіру жұмыстарын жүргізілгендігін мәлімдеді.
Автор
Тоты Айтжанқызы

Титов қыстағы, Қоғалы көшесіндегі балалар ойын алаңының маңы ылғи су кетіп жатады. Қыста мұз, тайғақ, жазда жағымсыз иіс. Осыны алаңсыз бір жөнге келтіруге болмас па екен?,- деп қыстақ тұрғыны әлеуметтік желіде жариялады.
Осы мәселені қолға алып, тілшілеріміз “Қызылорда су жүйесі” мекемесіне хабарласқан болатын. Құзырлы мекеме бұл жағдайдан хабардар екенін және де қалпына келтіру жұмыстарын жүргізілгендігін мәлімдеді.
"Қызылорда су жүйесі" МКК-ның апаттық-диспетчерлік қызмет бөліміне келіп түскен хабарламаға сәйкес, кәсіпорын мамандарымен Титов қыстағы Қоғалы көшесі бойындағы балалар ойын алаңы жанында орналасқан ауыз су құбырын тексеру жұмыстары жүргізілді. Тексеру барысында аталған мекен-жайда диаметрі 160мм болатын ауыз су құбырында ақау орын алғандығы анықталып, кәсіпорын мамандарымен ақауды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Атқарылған жұмыстар нәтижесінде ақау толық қалпына келтіріліп, ауыз су құбырмен су қайта қалыпты берілуде”,- деді баспасөз хатшысы Әділ Тәжібай.
Автор
Тоты Айтжанқызы