Елімізде 45 бала аналарымен бірге түрмеде отыр

1 561

Фото: Тимур БатыршинӘйелдер колонияларында барлығы 2000-нан астам сотталушы жазасын өтеп жатыр. Бұл туралы Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің редакцияның ресми сауалына берген жауабында айтылған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


"Қазақстан Республикасының аумағында 78 пенитенциарлық мекеме орналасқан. Оның ішінде 6 мекеме әйелдердің жазасын өтеуге арналған, олардың бірі қауіпсіздігі жоғары, қалғандары – орташа қауіпсіз мекеме. Алматы облысының аумағында сотталғандарға балаларымен бірге тұруға рұқсат етілген мекеме орналасқан. Бүгінде аналары бар 45 бала бар. Қазіргі таңда әйелдер колонияларында барлығы 2000-нан астам сотталушы жазасын өтейді", - делінген ҚАЖ жауабында.


Комитеттің хабарлауынша, әйелдердің жазасын өтеу мекемелерінде сотталғандарды жұмысқа орналастыратын өнеркәсіптік аймақтар жұмыс істейді.


"Бұл – тігін цехтары, нан-тоқаш өнімдерін, сабын және халық тұтынатын тауарлар шығаратын цехтар.   Әр мекемеде сотталғандармен психолог жұмыс істейді, ол тұтқындармен жеке және топтық терапия жүргізеді", - деп хабарлады Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.