Қызылордада дрон арқылы жол ережелерін бұзудың 36 дерегі анықталды

282
Қызылорда облысында дрон арқылы жол қозғалысы ережелерін бұзудың 36 дерегі анықталды, – деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушыларды анықтау мақсатында Қызылорда облысы ПД Арал ауданы Полиция бөлімінің қызметкерлері заманауи техникалық құралдарды пайдалана отырып  іс-шаралар жүргізуде.

Бүгінгі профилактикалық-рейдтік шара кезінде жол қозғалысы ережелерін бұзушыларды бақылау үшін дрон қолданылды. Арал қаласы аумағында профилактикалық рейд жүргізілді. Іс-шара барысында дронның көмегімен барлығы 36 жол қозғалысы ережелерін бұзу дерегі анықталды.



Жүргізушілерге қатысты ӘҚБтК-нің бірнеше баптары бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Осындай жұмыстар жүйелі негізде, оның ішінде жолдардың авариялық-қауіпті учаскелерінде де жалғасатын болады. Сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушыларды анықтаудан басқа, Арал ауданының полицейлері автокөлік жүргізушілері арасында жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.