"Әр күніміз қорқынышпен өтуде" : Павлодар тұрғыны бұрынғы күйеуінің қыр-соңынан қалмай жүргенін мәлімдеді

429

Павлодар тұрғыны Юлия Зубова балаларымен бірге үйден шығуға қорқатынын айтады. Сөзінше, бұрынғы күйеуі үйінің маңында аңдып жүреді. Тіпті шабуыл жасауы да мүмкін, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

 Фото: видеодан скриншот

Юлия Зубова 2018 жылы күйеуімен ажырасып кеткен, Алайда жарты жыл бұрын өзіне үй сатып алған соң, бөлек тұра бастаған.


Айтуынша, күйеуі үнемі іс-әрекеті мен басқан қадамын бақылап жүрген. Достары және әріптестерімен сөйлесуге тыйым салған. Сондықтан ажырасуға тура келген. Қазір ол балаларымен бірге тұрады, алайда бұрынғы күйеуі аңдуын доғармаған. Кейде есіктен тың тыңдап, үйінің маңында жүреді екен. 


Юлияның сөзінше, екі рет отау құрып, қазір екі баланы тәрбиелеп отыр. Ал бұрынғы күйеуі баласынан бас тартқан. Алимент төлемеу үшін қолхат та жазған. 


"Демалыс күні үйден шығуға қорқамыз. Себебі ол не аулада, не дүкеннің маңында жүреді. Сондықтан жұмада қажеттіні сатып алып, үйде отырамыз. Бұған қоғамның назар аударғанын қалаймын. Тіпті артымнан қуған видеосы да бар", – деді Юлия Зубова. 



Павлодар қалалық полиция департаментінде ер адаммен түсіндірме жұмыстары жүргізілгенін мәлімдеді. 


"Біз профилактикалық жұмыс істеп жатырмыз. Кездесіп, сөйлестік. Ол енді бұлай істемейтінін, қызынан бас тартып, бұрынғы әйелін аңдуды доғаратынын айтты. Бірақ келесі жол ол тағы да барған, бірақ әйел кіргізбей қоған. Кейін полицияға арыз түсті", – деді Павлодар полиция департаментінің әйелдерді қорғау бойынша аға инспектор Айсұлу Ысқақова.