Көлігін бассейнге айналдырған блогерлер жазаланбақ

1 597

Фото: видеодан скриншотЖеліде NNN лақап атымен танылған блогер Нұрдәулет Бексұлтан мен Ерболат Жанабыловтың су толы көлікпен жүруі жұрттың наразылығын тудырды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Оқиға Астана қаласының орталық көшелерінің бірінде болған. 


Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, қос блогерді мақтап та, даттап та жатыр. 


“Контент не істетпейді”, “Біреу тоңып секіреді, біреу тойып секіреді деген осы шығар?!”, “Тойынғаннан түсіп жүр”, “Өте керемет шыққан”, “Бөлексіңдер”, “Жетімдер мен ауруларға көмектесіңдер”, “Ақша не істетпейді”, “Мына тірлік артық болған сияқты”, – деп жазып жатыр оқырман қауым. 


Аталған жайтқа қатысты елорда полиция департаменті пікір білдірді.


ПД өкілдері Tank маркалы автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушылары әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын айтты. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.