Мектеп директоры әйелі мен қызын пышақтап тастады
505
Ақтөбе облысы Шалқар ауданында мектеп директоры баласы мен әйелін пышақтап тастады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға Жаңақоныс ауылдық округінің орталығы Аққайтым ауылында болған. Аққайтым орта мектебінің директоры әйелі мен баласын пышақтап тастаған.
Науқастардың халін Шалқар аудандық ауруханасынан сұрап білдік.
Отбасында екі қыз бала бар. Үлкені 8, кішісі 1 жарым жаста. Облыстық білім басқармасының мәліметінше, «Адам өлтіруге оқталу» бабымен күдікті Жаңақоныс ауылындағы мектепте сәуір айында директор болып тағайындалып, артынша көшіп келген. Бұған дейін Шалқар аудандық білім бөлімінде әдіскер болып қызмет істеген.
Оқиға Жаңақоныс ауылдық округінің орталығы Аққайтым ауылында болған. Аққайтым орта мектебінің директоры әйелі мен баласын пышақтап тастаған.
Қылмыстық кодекстің 99 бабы, яғни, адам өлтіруге оқталу бойынша іс қозғалып тергеу жүріп жатыр. Күдікті екі айға қамауға алынды. Өзге ақпарат тергеу құпиялылығына байланысты таратылмайды, - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Науқастардың халін Шалқар аудандық ауруханасынан сұрап білдік.
Анасы мен баласы бізге түсті. 7 жасар қызының құлақ тұсы, ал әйелінің бұғанасының үстінде кесілген жара болды. Жарақаттарын тігіп, таңып бердік. Олар ауруханада ем қабылдаудан бас тартты. Сондықтан амбулаторлық бақылауға жібердік, - деді аудандық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Еркебұлан Еркінұлы.
Отбасында екі қыз бала бар. Үлкені 8, кішісі 1 жарым жаста. Облыстық білім басқармасының мәліметінше, «Адам өлтіруге оқталу» бабымен күдікті Жаңақоныс ауылындағы мектепте сәуір айында директор болып тағайындалып, артынша көшіп келген. Бұған дейін Шалқар аудандық білім бөлімінде әдіскер болып қызмет істеген.
2022 жылдың сәуір айына дейін аудандық білім бөлімінде әдіскер болып қызмет атқарды. Сәуір айынан бастап мектеп директоры болып тағайындалды. Осы жылдың қазан айының 6-нан бастап қызметінен босатылды, – деді Ақтөбе облыстық Білім басқармасы басшысы Жолдас Батырхан.
Тағы да оқыңыздар
"Құлап жатыр"
367