Назарбаевтың ескерткішін құлатқан адамның арқасын үтікпен күйдіріп, азаптаған
795
Талдықорған қаласында наразылық кезінде тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев ескерткішінің құлатуына қатысқан Азамат Батырбаевтың денесін уақытша ұстау изоляторында үтікпен күйдірген. Бұл туралы белсенді Дана Жанай өзінің Instagram парақшасында жариялады, - деп жазды orda.kz.
Белсендінің айтуынша, Талдықорған қаласындағы Назарбаев ескерткішін бұзуға қатысқан Азамат Батырбаевты аяусыз соққыға жыққан, «адамгершілікке жатпайтын түрде» азаптаған.
«Полиция қызметкерлері Азамат Батырбаевты ұрып-соғып, денесін үтікпен күйдіріп кеткен. Сонымен бірге құзырлы органдар оны емделуіне және сауығып кетуіне қажетті, тиісті көлемдегі медициналық көмек әлі алмаған кезде емдеу мекемесінен алып кетіп, емдеуге және қалпына келтіру жағдай жасалмаған тергеу изоляторына қамады»- деді Дана Жанай.
Қазіргі таңда, тергеу изоляторында Азамат Батырбаевты азаптау жалғасып жатқаны туралы ақпарат белгісіз.
Еске салсақ, халықаралық және қазақстандықтардың назарына іліккен 2022 жылдың 5 қаңтар күні бүкіл Қазақстан бойынша шерулер кезінде Талдықорғандағы наразылық білдірушілер Назарбаевтың ескерткішін құлатты. Азамат Батырбаев жүк көлігін басқарып, оның көмегімен ескерткіш бұзылды.