Түркістанда жекеменшік балабақшалардың бірінде тәрбиеші балаларға қол көтерген (видео)

285

Фото: скриншот из видеоӘлеуметтік желіде Шардарадағы балабақшалардың бірінде түсірілген видео жарияланды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Тәрбиеші қыздардың бірін екінші қызды итеруге, осылайша "кек алуға" мәжбүрлеген. 


"Мен ұрыссам жарасады. Сенің қандай хақың бар? Неге ұрасың біреудің қызын? Сен де итеріп жібер. Қатты итер!", – дейді тәрбиеші. 


Видеоға қатысты пікір білдірген облыстық білім басқармасының өкілі жекеменшік бөбекжайда болған жағдай туралы 5 қыркүйекте белгілі болғанын мәлімдеді. 



"Шардара қаласында орналасқан жекеменшік бөбекжай балабақшасындағы тәрбиешінің баланы ұрғаны жөнінде "Whatsapp" әлеуметтік желісіндегі бейне жарияланым бөлімге 2022 жылдың 5 қыркүйегі күні сағат 14:00 шамасында белгілі болды. Түркістан облысы Шардара ауданының  адами  әлеуетті дамыту бөлімі арнайы комиссия тобын құрып, зерделеу жұмыстары жүргізілді.Нәтижесінде, баланы ұрған  тәрбиешісі екені белгілі болды. Бөлім тарапынан 05.09.2022 жылғы №06/10-4/234 санды хатпен Шардара ауданының полиция бөліміне тиісті жұмыстарды жүргізуге ықпал жасау жөнінде хат жолданды. Бүгінгі таңда алдын ала анықтау-тергеу амалдары жүргізілуде", – делінген хабарламада. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.