Өлген мысықты балконға асып қойған атыраулық әйелдің әрекеті жұртты шошытты

404

Атырау облысы, Жылыой ауданында әйел мысықтарды өлтіріп, балконға асып қойған,- деп хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Полицияның мәліметінше, атыраулық тұрғын мысықтарды  ұстап әкеліп, өлтіріп, балконға асып қойған. Мұны көрген қала тұрғындары шошып, полицияға хабарласқан. Куәгерлердің айтуынша, әйел бұл әрекетін бірнеше рет қайталаған. 

Қазіргі таңда, аталған  оқиғаға қатысты ҚР ҚК 316-бабы (“Жануарларға қатыгездiк жасау”) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Әйел адамның не үшін осындай әрекетке барғаны белгісіз.

Егер оның кінәсі дәлелденсе, ол 30 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін. Сонымен қатар бұл бап бойынша 120 АЕК (2021 жылы 350 040 теңге) көлемінде айыппұл немесе 120 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту қарастырылған. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.