Әйелін қылқындырып өлтірген полицей сотталды

1 552

Фото: Костанайские новостиӘйелін ұзартқышпен қылқындырып өлтірген 25 жастағы бұрынғы полицейге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Жасұлан Төлегенов бұрын полицей, аға лейтенант болып жұмыс істеген. 2023 жылы 19 қазанда әріптесімен бірге жүріп жүрген қызымен ұрысып қалып, көпірден секіргелі тұрған жас жігітті аман алып қалған. 


Арада екі апта өткен соң, 31 қазанда Жасұлан өз әйелін қылқындырып өлтірген. Оның әйелі де ішкі істер органында жұмыс істеген. Екеуінің көңілі жараспай, ақыры ажырасу туралы шешім қабылдаған.

Екеуінің арасында ұрыс шығып, кейін жанжалға ұласқан. Эмоциясын бақылай алмаған еркек әйелін электр ұзартқышпен қылқындырған. Салдарынан әйел сол жерде көз жұмған. Кейін ол қылмыстың ізін жасырып, әйелі өз-өзіне қол жұмсады дегенге келтіріп, оның денесін гаражға апарып, мойнына жіп салған. 


Бұрынғы инспектор 9 жылға бас бостандығынан айырылды. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.