Қайын інісі жүкті жеңгесін соққыға жыққан
Павлодарда қайнысы жүкті жеңгесін соққыға жыққан, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Астана телеарнасына сілтеме жасап.
Салдарынан іштегі бала шетінеді. Аталған іске қатысты полиция қылмыстық іс қозғады. Күдікті қамауға алынған.
Сұмдық оқиғадан жүкті әйел есін жоғалтып алған. Қазір ауруханада ем қабылдап жатыр. Қатты соққыдан басы жарылып, миы шайқалған. Өзін кімнің ұрып соққанын да есіне түсіре алмады. Аяғының ауыр болғанын ғана біледі.
Дәрігерлер науқастың ауруханаға ауыр жағдайда келгенін айтады. Бір уақытта екі бірдей ота жасаған. Ал іштегі 9 айлық баланы кесір тілігі арқылы алған. Бірақ нәресте өлі туылды.
Ал жеңгесін соққыға жыққан жас жігітке қатысты полиция қылмыстық іс қозғады. Күдікті қамауға алынған. Оның қылмыс жасаған кезде есірткі қолданғаны анықталды.