Емханада ер адам жүкті әйелге қол көтерген

1 546

Фото: Видеодан алынған кадрСемей қаласындағы емханалардың бірінде кезекке байланысты жанжал шықты. Оқиға орнында болған бейнежазба әлеуметтік желіде тарады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Жүкті әйелдің айтуынша, ол қабылдауына кіруге дайындалып тұрған кезде басқа бір ер адам кезексіз өтуге тырысқан. Әйел алдымен үндемей, болашақ сәбиін ойлап сабыр сақтаған. Алайда ер адам оны балағаттай бастаған.

Әйел телефон камерасын қосқан сәтте, ер адам жүгіріп келіп, оның қолын қатты қайырып, ұялы телефонын жұлып алған. Қақтығыс тек медицина қызметкерлерінің араласуынан кейін ғана тоқтатылған.

Зардап шеккен әйел полиция шақырып, арыз жазған.

Алайда оның сөзінше, ер адамға қатысты тек түсіндіру жұмыстары жүргізілген.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.