Сырдариялық жастар кәсіпке бет бұрған

204

Сырдария ауданына қарасты ауылдық округтердегі жастар халық игілігі үшін тұрғындардың сұранысына орай жеке кәсіптерін бастап жатыр,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі таңда жұмыс іздеген адамға кәсіп көп. Оған қоса, іс қыламын деген жандар үшін мемлекет тарапынан да қолдау жетерлік. Бүгінде мемлекет тарапынан қаржылай қолдау тауып, шаруасын дөңгелетіп отырған жас кәсіпкерлер қатары артып келеді. Бизнес пен бәсекеге қабілетті адамдар санының көбеюі – әл-ауқаттың артып, аймақтық экономиканың ілгерілеуін байқатады. 

Биыл ауданға қарасты Аманкелді ауылдық округінің 22 тұрғыны 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба бойынша мемлекеттік иегері атанды. Олардың арасында 16 тұрғын 29 жасқа толмаған жас кәсіпкерлер. Жастардың дені мал шаруашылығын дамыту бағытында кәсіп бастаған. Сонымен қатар құрақ көрпе тігу, қыз жасауын жасау мен сән салоны ісін ашқандар да бар. 

Жас кәсіпкерлер кәсіп бастауға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, кәсіпкерлікті дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға ризашылық білдірді. 

Сондай-ақ ауданға қарасты Қалжан ахун ауылында жас кәсіпкер А.Зинабдинов мемлекеттің қолдауымен шаштараз ашты.

«Қазіргі нарық заманында әр адамның өз кәсібі болу қажет деп санаймын. Осы орайда мен де өз ісімді бастауды жөн санап, мемлекеттің қолдауына жүгіндім. Қажетті құжаттарды жинап, сабаққа қатысып, бүгінде қаржылай қолдау тауып, өз ісімді бастадым. Жастарды жұмыспен қамтуда, өз кәсібін бастауға көмек көрсеткені үшін өз ризашылығымды білдіремін», - дейді А.Зинабдинов. 

Айта кетейік, 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба бойынша биылғы жылы Қалжан ахун ауылдық округінен 11 тұрғын грант иегері атанды.